Математика пәні мұғалімі
Бәйдібек Диас Асқарұлы
1996 жыл желтоқсанның 19-ы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылында дүниеге келді. руы Ұлы жүз Дулаттан тараған Сиқым болады. 2003-2014 жылдары Ақшолақ орта мектебін аяқтады. 2014-2018 жылдары Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде "Математика" мамандығын оқып бітірді. Университет қабырғасында білім алып қана қоймай, студенттер арасында белсеңді, әрі көшбасшы бола білді. 2016-2017 жылдары Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің Студенттік кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары қызметін атқарды. 2017-2018 жылдары Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің Студенттік ректоры ретінде жұмыс жасады. 2018 жылы қыркүйекте Ақшолақ орта мектебіне математика пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрды. 2018 жылдың желтоқсанынан бастап қазірге дейін Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте жұмыс істеп келеді.
біліктілік курсы
педагог-модератор
авторлық бағдарлама
магистрант