Құралай Байтажикова: «Мектеп өмірге үйретпейді, мектеп – өмірдің өзі»
Құралай Байтажикова: «Мектеп өмірге үйретпейді, мектеп – өмірдің өзі»
БЛОГ ДИРЕКТОРА
Бала – қоғамның бет-бейнесі, ата-ананың – айнасы. Мен балаларды сынағым келмейді. Себебі, қазақта «не ексең, соны орасың» деген мақал бар. Демек, әр ата-ана балаға не үйретіп жатыр, қандай тәрбие беріп жатыр — бала соның көрсеткіші. Болды, басқа түк те емес. Біз бәрін өзіміз бүлдіріп жатырмыз. Балаға арлы бол, ибалы бол дейміз де, өзіміз әдепсіздік жасаймыз. Балаға ауызбен айтып, қақсап берген тәрбиеден пайда жоқ. Тек іспен ғана үлгі болу керек. Тағы да, атам қазақтың «балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөзі еске түседі. Балам қазақша сөйлесін деп, қазақ мектебіне береді.
Байтажикова Құралай Амангелдіқызы.