Ұлы Жөңістің 65 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. Бұл Жеңіс ТМД елдері, тіпті әлемнің барша халқы үшін үлкен мәнге ие. Кеңес халқының ерлігі мен табандылығының арқасында фашизм құлады. Бірақ сұрапыл соғыс 70 миллион адамның жанын алды. Қаншама отбасы жақындарынан айрылып, көз жастарын бұлап қалды. Біздің де әулетімізде орны толмас кайғы болды. Туған немере ағамыз Несіпбек Баязитов майдан алаңынан оралмады,
Несіпбек ағамыз 1919 жылы Баянауыл жерінде дүниеге келді. Көзі тірі болса, биыл 90 жасқа келер еді. Амал нешік. Өнер куған жас жігіт сонау 1936 жылы он жеті жасыңда Алматыға қазақтың тұңғыш режиссері, жерлесіміз Жумат Шанинге жол тартады. Алматыда жолы болды. Несіпбек ағамыздың әншілік дарыны жоғары бағаланып, опера театрының труппасына қабылдаңды. Үш жылдан кейін белгілі әншілер Жүсіпбек Елебеков, Жамал Омаровамен бірге туған жеріне әртіс, әнші ретінде келіп, жерлестерінің алдында өнер көрсету бақытына ие болды. Бұл әншінің туған жеріне келген соңғы сапары болғанын кім білген. 1940 жылы күзде ол әскер қатарына шақырылды, Келесі жылы қанды майдан басталып кетті...
Сұрапыл жылдары Несіпбек Баязитов Доннан Австрияның астанасы - Венаға дейін жеткен. Жауынгер-әншінің майдан жолдары туралы майдангер, офицер, полковник, журналист Қапас Ошамбаевтың «Жорық жолдары», «Гвардиялық, үш марте орденді 62-ші атқыштар дивизиясы» деген кітаптарында кеңінен әңгімеленген. Бұл шығармаларда 1942 жылдың желтоқсанында Новая Калитва қаласы маңында болған ұрыстарда жерлесіміздің көрсеткен ерліктері сөз етілген. Онда былай деп жазылған: «Новая Калитва көшелеріне Н.Баязитов, Р.Алексеев басқарған атқыштар взводтары алдымен басып кірген». Новая Калитва маңындағы ұрыс сәттерін қызыл ізшілдер клубының жетекшісі А.Ткаченко еске түсіреді. Оның «Ол бірінші болып енген еді» деген материалы «Звезда Прииртышья» газетінде 1969 жылы жарияланған-ды. Несіпбектің ағайын-туыстары әнші-жауынгердің туыстарына байланысты деректер тапты.
«1943 жылдың жазында кескілескен ұрыстар жүріп жатты. ...1943 жылы шілдеде біздің дивизия ұрыстар жүргізе отырып, Солтүстік Донец өзенін кешіп өтіп, гитлерлік Германияның «Мекензен», «Викинг» таңдаулы дивизияларының бөлімшелерімен шайқасты, деп жазады Қапас Ошамбаев. - Әсіресе қатты ұрыстар шілденің екінші жартысында да жалғасты. 15 шілдеде қорғаныс шебі Изюм қаласының жанынан өтті.
... 16-нан 17-ші шілдеге қараған түнде мен гвардия аға лейтенанты Н.Баязитовтің ротасында болдым. Рота таң алдында Солтүстік Донецті алдымен кешіп өтуге тиіс болатын. Жорық алдында әжептәуір әңгімелестік те, әрине, алдағы шабуыл жайыңда көбірек айттық. Тіпті баяу үнмен ән де шырқадық. Несіпбек баяулата «Баянауыл» әнің, грузиннің «Суликосын», «Е.Брусиловксийдің «Алтын астық» операсынан Жомарттың ариясын орындады. Туган ел - Қазақстанды, Алматыда оқуда бірге болған достарды, ағайын-туыстарды еске аддық. Несіпбек сонау Баянауылдан Алматыға алғаш қалай келгенін, Жұмат Шаниннің калай жылы қарсы алғанын, опера театрының табалдырығын калай аттағанын, ұстазының өзін өнерге калай баулығанын айтып берді. Полкте көңіл-күй жаман болмады. Санинструктор Лидия Ивановна Нәсіпбектің әндері мен әңгімесін сүйсіне тыңдап калыптты.... Ұрыстан кейін Несіпбекке сұнғақ бойлы, қара көзді, қолаң шашты Александра Карьянсваны айттыратын болып уәделестік. Бірақ бұл түннің біреулер үшін соңғы түн боларын ешкім де білмейді...»
Қапас Ошамбаев белгісіз биікті aлy жолындағы ұрыстарды көбірек баяндаған. Биікті шілденің 17-нен 18-не қараған түні алыпты. Оның жанында бірнеше тәулікке созылған шайқастар жүріп жатты. Фашистер Баязитовтің жауынгерлері бекінген биіктікке шабуылдар жасаумен болды. Үш жағынан құрсау жасап, алдынан жылга тастады, ондағы ойы шегінуге мәжбүр болған кеңес жауынгерлерін оқ астына aлy болды. Осындай қысыл-таяң шақты Н.Баязитов өзіне аға сержант Александр Перадзені шақырып алып:
- Соңғы қасық қанымыз қалғанша шайқасамыз, бірақ биіктікті бермейміз, - деді.
... Бірінен соң бірі қайталанған шабуылдар. Жау тағы да алға ұмтылды. Баязитов танкке атылатын қарумен атып жатыр. Командирдің дәл атқан оғынан дұшпан танкі жалынға оранды, бүйірден бар жылдамдықпен тағы бір машина шыға келді. Оған басын ақ дәкемен орап алған, жаралы болса да жауға қарсы ұмтылған жауынгер жер бауырлап жылжып барады. Аға лейтенант Баязитов орнынан атып тұрып, граната бумасын танкке жіберіп қалды. Дәл осы кезде офицердің аяғының астынан снаряд гурс етіп жарылды. Несіпбек кұлап түсті. «Белгісіз биіктіктегі» ерлер турапы соңғы хабарды жеткізген радист-жауынгер А.Гисаев болды, - деп жазады Қ.Ошамбаев. - Ол біздің көз алдымызда төрт жарақаттан көз жұмды, ол полкқа хабар жеткізген соңғы байланысшы болды».
... 1969 жылы жергілікті тұрғындар «белгісіз биіктік» маңыңда жер жұмыстарын жүргізу барысында беймәлім хабарға кездейсоқ кездеседі. Әбден тозган, шіріген, бірақ сақталған кұжат қалдықтарынан олар үш адамның фамилиясын оқиды: Табадзе..., Баязитов..., Перадзе. Көп ұзамай олардың есімдері және қаза тапқан жағдайы нақтыланды. Ерлердің сүйектері бауырластар зиратына кайғылы салтанатты жағдайда қайта жерленеді.
1971 жылы 9 мамырда бауырластар зиратында ескерткіш ашылды. Оның ашылу салтанатына әкем Иген катысты. Белгісіз биіктік ерлерінің есімдері мәңгілікке жазылды. Оларға «Изюм өңірінің құрметті азаматы» атағы берілді.
Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында орталық теледидардан берілген хабарлар циклдарының біріне Несіпбек Баязитовтің қаңдыкөйлек досы В.Цымбалист қатысып, қазақ гвардия аға лейтенанты туралы әңгімелеп беріп, оны «әнші бұлбұл» деп атады. Несіпбек тірі болғаңда опера өнерінде қандай биіктерге жетер еді. Амал канша, оның өмірі Отанынан алыста қиылды. Ол Украинада туған жері Баянауылдан алыста мөңгі ұйқыда жатыр.
Жеңістің 65 жылдығына дайындалу шеңберінде Несіпбектің туған жері - Баянауылда оның туғанына 90 жыл толу мерейтойын атап өтуді жөн көрдік. Ойлаған ойымыз жүзеге асты. Мерейтойлық шара ойдағыдай өтті. Алдымен Даңқ алаңында ерлікпен қаза болған ағамыздың кұрметіне арнап митинг ұйымдастырылды. Оған соғыс ардагерлері, мектеп оқушылары қатысты. Одан кейін мерейтойлық шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Мұнда Павлодар қаласы бесінші шағын ауданы ардагерлерінің «Достық» ансамблінің қатысуымен «Құтқарылған әлем есте сақтайды» деген ұранмен концерттік бағдарлама өтті. Бұл концертке Қылышбек, Аман, Рымбек Баязитовтар да атсалысты. Жалпы алғанда мәдени шара өз деңгейінде өтті.Ұйымдастырылған шара отбасылық дүние емес, бұл – жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу ісінде де алар орыны ерекше жоба.
Баянауылда майдангерге көше атауы берілді.
Марапаттары: ордендер: Отечественной войны І степени, Красного знамени; «За отвагу» және тағы да басқа медальдар.