Өлеңдері‎ > ‎

Соғыстың кесірі

Неше қыршын жастардың
Кеудесінен оқ
өтіп,
Ауыздарынан
қан кетіп,
Ішіне тартылып көздері,
Ыңырану боп сөздері,
Шытынап көкшіл көздері.
Елестеп көзіне арманы,
Жетем деп ойға алғаны,
Елдегі
қатын-баланың,
Әке, шеше, ағаның
Көрмей, жылап
қалғаны.

Міне сондай заманда,
Жау әскері қаланда;
Мал-мүлкіңнен күдер үз!
Ажары тәуір қатын-қыз
Зорлауы мен таланда.
Талай милар бұрқырар,
Саз балшықтай табанда.
Адам күші жетер ме,
Мұнан да әрі жаманға?!
Сондайларды ұялмай,
Қосармысың адамға?...
Больницаға барғанда,
Сай-сүйегің сырқырап;
Кейбіреулер қорқырар,
Кейбіреулер қырқырап,
Дәрігер пышақ салғанда:
Кейлер шыңғырып, шырқырап.
Кейінің ерні кезерер,
Ымдап жұтым су сұрап;
Өкпе тұсы - жан жерден.

Жан тұратын әр жерден,
Кейінің қаны бұрқырап.
Қайғыланып отырар,
Көзден жасы жылтырап...

 1918

Comments