Өлеңдері‎ > ‎

Бір балуанға қарап

Жықсаң бәйге аласың алысқанда,
Қару қып, қайратың сап қарысқанда.
Жындылық - шаппай бәйге бер деп с
ұрау,
Озсаң, бәйге кім бермес жарысқанда.

Тұрмысы бүл дүниенің күреспен тең,
Тәуекел, күреске түс, бар-дағы жең.
Дүниеде барлығы
нды кім біледі,
Үйінде ынжы
қтанып отырсаң сен!

Кім сені бұл дүниеде бар деп айтар,
Кім саған жықпай бәйге ал деп айтар?
Жықпасаң да күресіп талаптансаң,
"Еті тірі, жаужүрек жан" деп айтар.

Жүрген көп; "жығылам" деп үйде бұғып,
Жел бол май, боран болмай бет алды ығып;
Қысқасы, ондырмаған жасқаншақтық, —
Жас
қанба, қылыш шапса, найза сұғып!

1913

Comments