СӨЖ тапсырмалары

 Студенттің өздігімен орындайтын  жұмысы – кәсіби  білім алу негізі

  

        Қазіргі заманғы  білім беру үдерісі, үздіксіз білім беру саясаты бүгінгі  студент, ертеңгі маманның жоғары  оқу орнында өз бетімен білім ала білуге даярлығын  талап етіп отыр. Әлемдік деңгейде дәрісханалық және студенттің өздік жұмысының ара қатынасын 1:3,5 деп көрсетеді [190,126]. Мұның өзі өз бетімен орындайтын жұмыстың маман даярлығы үшін өте маңыздылығын көрсетеді. Студенттің өз бетімен  білімін жетілдіру – дидактиканың өзекті мәселелерінің бірі. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының ішінен оның алатын орнын анықтау, мазмұнын іріктеу, тиімді ұйымдастырудың  әдіс-тәсілдерін, жолдарын  белгілеу – осыған дәлел. Студенттің өздік жұмысы жоғары  білім беру үдерісі құрылымының негізгі буындарының бірі болғандықтан, жоғары  мектептің  ең басты  міндеттерінің бірі – болашақ маманды өз бетінше  білім алуға үйрету, жетілдіру, жан-жақты тұлға ретінде дамыту. “Педагогика және психология” сөздігінде бұл турасында: “өздігінен білімін  жетілдіру-жеке адамның өзі басқаратын мақсатты – білімділігін (мамандығын)  немесе білім деңгейін көтеру,” – деген анықтама беріледі [140]. Жоғары оқу орындарында, өз мамандығын терең меңгерген мамандарды даярлауда, үздіксіз білім беру төңірегінде де СӨЖ-дің  атқаратын рөлі зор. Алайда өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру әр түрлі факторларға тәуелді.  Алдымен ол студенттен  пәнге қызығушылықты, танымдық қажеттілікті,  тұрақты  ерік-жігерді, жинақылық пен белсенділік және жоғары саналылықты қажет етеді. Бұл жөнінде А.Дистервегтің пайымдауынша, адамның дамуы мен білім алуы  оның өз бетінше белсенді әрекет етуі мен күш-жігеріне байланысты екеніне дау жоқ. Студенттің өздік жұмысы (әрі қарай СӨЖ)–оқытушының пәннен берген тапсырмалары бойынша студенттің өз бетінше ізденіп, кәсіби-теориялық білімін тереңдетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылған мақсатты әрекеті. СӨЖ болашақ маманның өз кәсібінің қыр-сырын жан-жақты меңгеруін,  күрделі мәселелерді өз бетімен  шешуге талпыныс жасауға мүмкідік береді, кәсіби-практикалық дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. В.И.Загвязинский өздік жұмысты бірнеше  қырынан, яғни мазмұндық, уәждік, әрекеттік тұрғыдан қарап ұйымдастыру тиімді екендігін айтады.  СӨЖ-ді ұйымдастырудың мазмұндық аспектісіне факті, анықтамалар, қорытынды, ережелер, пайымдаулармен,  оқу-әдістемелік  әдебиетерді мұқият таңдап  іріктеу жатады. Уәждік қыры  студенттердің тұрақты және ғылыми-танымдық қызығушылығын, ерік-жігерін тәрбиелеудің, олардың жеке дара ерекшелігін,  білім деңгейін  ескеруді қажет етеді, ол үшін ми шабуылы, пікірсайыс, проблемалық жағдаяттар тудыру, іскери, оқу ойындар т.б оқытудың белсенді  әдістерін  қолдану қажет. Әрекеттік аспекті тұрғысынан қарау өз бетінше орындалатын  тапсырма, жаттығулардың біртіндеп, өз кезегімен күрделеніп отыруын қамтамасыз етеді.

 Студенттің  өз бетінше орындайтын  жұмысын инновациялық деңгейде ұйымдастыруда төмендегідей  дидактикалық  талаптар ескерілуі тиіс:

·                            СӨЖ жоспарының алдын ала кафедра мәжілісінде, ғылыми-әдістемелік  семинарда талқыланып, бекітілуі;

·                            жоспарлы түрде, жүйелі, бірізділікпен, инновациялық технологияларды  қолдану негізінде  жүргізілуі;

·                            дәрісханада орындалатын  өздік жұмыстар мен  дәрісханадан тыс орындалатын  өздік жұмыстардың бір-бірімен үйлесімі, байланысы;

·                            студенттердің теориялық, практикалық, психологиялық даярлықтарының ескерілуі;

·                            өздік жұмыстардың тақырыптары мен мазмұнының кәсіби бағдардың  жүзеге асуын  және оның келелі мәселеге құрылып,  практикалық маңыздылығының құндылығын арттыруға мүмкіндік жасауы;

·                            үздіксіз, жүйелі түрдегі бақылаудың болуы;

·                            студенттердің белсенділігі, қызығушылық танытуы;

·                            келелі мәселеге құрылып, кәсіби ұстанымды бағдар етуі;

·                            технологиялық картасының жасалуы;

·                            кестесінің дұрыс құрылуы.

        СӨЖ құрылымының басты   буындарын құрайтындар: жағымды  уәждеме тудыру; тапсырмалар мазмұнының  қызықты, тартымды болуы; кәсібіне сәйкес нақты іріктелуі; көлемі мен өткізу мерзімі және есеп беру формасының анықталуы; Оқытушы өздік жұмыс жүйесін  жасауда осы мәселелерді жіті  саралауы тиіс. Кафедрада ғылыми курсты жүргізетін жетекші маман басшылығымен әр пәннен СӨЖ-дің  оқу-әдістемелік кешені жасалады. Оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы:

1.Өз бетінше орындалатын жұмыстардың оқу жылына арналған жоспары, технологиялық  картасы;

2.Тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі.

3.Реферат, баяндамалар, хабарламалар т.б. тақырыптары.

4.Пәндер бойынша курстық, дипломдық жұмыстардың тақырыптары.

5.Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.Студенттердің өз бетімен жүргізілетін  жұмыстарын ұйымдастыру туралы нұсқаулар.

Қазіргі қазақ тілі морфологиясы пәнінен орындалатын студенттердің  өздік жұмысы жүйесін бірнеше  кезеңге бөліп жоспарладық:

І кезең: жоспары жасалып, тақырыптары мен тапсырмалары, оқу материалдары, әдебиеттері таңдалып, іріктелген соң, кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді. СӨЖ құрылымын құрайтын  компоненттердің бірі – технологиялық карта жасалып, онда барлық жұмыстар мазмұны айқындалды.

ІІ кезеңде тақырып тапсырмалар  бойынша кеңестер  ұйымдастырылып, өткізіліп, СӨЖ-дің мақсат-міндеттері, жұмыстардың көлемі,  мерзімі, бақылау формасы анықталды.

ІІІ  кезең өздік жұмыстарын орындау және  тексеру, бағалау кезеңі.

Студенттердің өздік жұмыстарының орындалу сапасын тексерудің маман үшін ынталандырушылық маңызы зор, сондықтан тексеру формалары сан алуан болғаны жөн. Атап айтқанда,  конспект жасау, пікір жазу, бақылау жұмысын орындау, тест, көрнекілік жасау, сызбалар сызу,  көрме ұйымдастыру, библиография жасау,  хабарлама жасау, коллоквиум, топтық жобалар қорғау, компьютерлік тексеру, рейтінгілік бақылау, пікірталастар ұйымдастыру т.б. Сонымен, студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру жұмысының кешеніне типтік, жұмыс бағдарламасы, студенттерді оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету  картасы, жоспары, технологиялық карта, әдістемелік нұсқау, көрнекі оқу құралдары, бақылау формасы,  түрлері жатады.

      СӨЖ  кешенінің құрамдас бөліктерінің бірі - технологиялық карта. (16-кесте). Онда тақырыптар, орындау мерзімі, әдебиеті, беттері,  бақылау түрі т.б. көрсетіледі.

Жоғары мектепте  Қазіргі қазақ тілінің морфология курсынан СӨЖ-ді ұйымдастырудың дидактикалық  жүйесін жасауда ұстанған бағытымыз – педагогика, психология, физиология т.б. ілімдерінің жетістіктері, яғни осы салалардағы сүбелі ғылыми еңбектер. Сондай-ақ жоғарыда аталған оқулық пен  оқу құралдары біздің жұмысымызға бағыт-бағдар бере отырып, оны  тиімді ұйымдастыруда  көп көмегін тигізді. СӨЖ-де берілетін  тапсырмалар деңгейі оқытудың жеңілден ауырға  ұстанымы негізінде алдымен  репродуктивті деңгейде, (табу, танысу, оқу, үлгілер бойынша тапсырма орындау), сонан соң  шығармашылық,  іздену бағытындағы  тапсырмаларды орындау (жоспар жасау, пікір жазу, баяндама жазу, талдау, зерттеу, курстық, дипломдық жоба т.б.) деңгейіне көтерілуі тиіс. Студенттің өздік жұмысының ғылыми негіздері  туралы оқу-әдістемелік еңбектерге  сүйене отырып, [227;228;229]. СӨЖ-ді дәрісханада орындалатын және дәрісханадан тыс орындалатын жұмыстар деп бөліп қарастырамыз. Оның құрылымдық-логикалық жүйесін келесі беттегі сызбадан көруге болады.

        Студенттердің өздік жұмысын   дұрыс ұйымдастыруда лекция оқу, семинар, зертханалық  сабақтардың маңызы зор. Студенттердің өз бетінше жұмыс  істеуі дәріс  оқу кезінде оны тыңдау, негізгі мәселені түсіну, түсініксіз мәселені сұрау, анықтау арқылы жүзеге асса, тәжірибелік-зертханалық сабақтарда теориялық материалды, проблемалық тапсырмаларды өз бетінше меңгеру, зерттеушілік мақсаттағы  тапсырмалар орындау, ТОҚ  материалдарымен жұмыс  істеуге дағдылану т.б. арқылы  жүзеге асырылып отырады.

 

 


            16-кесте. Студенттердің дәрісханадан тыс орындайтын өздік жұмыс тапсырмаларының            

                                                  теххнологиялық картасы

 

Реті

СӨЖ тақырыптарының шифры.

Мерзімі

       Мақсаты

Әдебиет реті

Тексеру түрі

Орындалға-ны туралы белгі

1.

Т-1 ,Т-2

2 апта

14.Х-30.Х

Грамматикалық ұғымдар туралы пікірқайшылықтарды саралау, талдау, ұғу.

Ә-1,Ә-2, Ә-3, Ә-4,  Ә-7, Ә-10, Ә-11, Ә-14, Ә-22, Ә-26, Ә-38.

 

Конспектілеу,

пікірталас.

 

2.

Т-3 Т-4

2 апта

1.ХІ-30.ХІ

Грамматикалық мағына мен форма сәйкестігі және нөлдік морфема мен нөлдік  форманың тілдің граммати-калық құрылымынан  алатын орнын ұғу.

Ә-7, Ә-11, Ә-14, Ә-19, Ә-28, Ә-38.

Дәлелдеу,

пікір жазу, баяндама жасау.

 

3.

Т-5,Т-6, Т-8

1,5 апта

17.ХІ-30.ХІ.

Қосымшаларды жіктеудегі пікір алалалықтары туралы  пікірлерді талдау, термин алалығын анықтау,  айыр-машылықтарын талдау.

Ә-1, Ә-4, Ә-5, Ә-6, Ә-7, Ә-9, Ә-11, Ә-14, Ә-15, Ә-16, Ә-19, Ә-21, Ә-22, Ә-33, Ә-37, Ә-38.

Кесте, сұлбасын жасау, конспектілеу.

 

4.

Т-7, Т-9, Т-10.

 

Кейбір қосымшалардың көпфункциялығы туралы түсінік қалыптастыру, ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Ә-4, Ә-5, Ә-7, Ә-8, Ә-11, Ә-21, Ә-30, Ә-34, Ә-38.

Сөздікпен жұмыс,

тест.

 

 

5

Т-11, Т-12

 

Тілдік бірліктердің атқаратын қызметін баса көрсету.

Ә-5, Ә-9, Ә-14, Ә-15, Ә-16, Ә-17, Ә18.

Картотекалар жасау;

 

6

Т-13

 

Термин алалығы туралы түсінік қалыптастыру.

Ә-1, Ә-2, Ә-5, Ә-19, Ә-38.

Термин сөздер тізбегінің сөздігі. Библиография жасау.

 

7

 

Т-14

 

“Тіл – жүйе” ұғымы туралы түсінік қалыптастыру.  Логикалық жүйесін меңгерту.

Ә-5, Ә-11, Ә-18, Ә26, Ә-38.

Құрылымдық-логикалық сызбалар, топтамалар кестесі.

 

8

 

Т-15, Т-16.

 

Мектеп оқулығымен салыстыру, ондағы пікірқайшылықты таба білуге үйрету.

Ә-23.

Топтық жоба қорғауы. Мектеп оқулығына талдау. Пікірталас.

 

9

 

 

Т-17

 

Қосымшаның мектеп және ЖОО оқулығында берілу мазмұныны салыстыру.

Ә-23

Пресс-конференция сабақ. Пікірталас.

 

10

Т-18

 

Шақ категориясы туралы түсініктерін  тереңдету.

Ә-4, Ә-5, Ә-11, Ә-14, Ә-15, Ә-17, Ә-20, Ә-21, Ә-23,.Ә-34, Ә38.

Компютерлік сабақ күнделігінің нәтижесі.

 

11

Т-19

 

Мектеппен байланыстыру.

Бейнефильм “Алғашқы адым”

Пікірталас сұрақ-жауап.

 

12

Т-20

 

Болашақ кәсібіне ынтасын арттыру.

Бейнефильм “Жас әдіскер”

Дидактикалық ойын (рөлдік), блиц-турнир

 

                         Шартты белгілер: Т-1 – тапсырма реті,  Ә-1 - әдебиет реті

 

                                          ӨЗДІК  ЖҰМЫС  ТАПСЫРМАЛАРЫ

1– тапсырма. Грамматикалық мағынаның сипаты мен түрлерін саралау  туралы ғылыми пікірлерді салыстырып, айырмашылығын көрсетіңіз. Мына еңбектерді пайдаланыңыз:

1.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі Морфология. А., Мектеп,1991.

2. Аханов К.Грамматика теориясының негіздері. А., 1972

3.Исаев С.Қазақ тіліндегі сөздердің  грамматикалық сипаты. А., 1998.

 

2-тапсырма. Грамматикалық категория туралы мына еңбектерді оқып, оның  түрлерін, сипатын ашудағы ерекшеліктерді табыңыз, салыстырыңыз.

1. Жиенбаев С.Грамматикалық категориялар туралы. //Ауыл мұғалімі, 1936 ж.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.  Морфология. А.,1991.

3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998

3-тапсырма. Түбір сөз бен нөлдік формалы сөздің морфемдік құрамы бірдей ме? А.Қалыбаева, Н.Оралбаеваның “Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі”  еңбектерінің 95-100 б. аралығын оқып дәлелдеңіз.

 

4-тапсырма.  Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі туралы мына еңбектерді оқып, екі түрлі көзқарасты табыңыз.

1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1991.

3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

 

5-тапсырма.  Қазақ тіліндегі қосымшаларды жіктеуде ғалымдардың мына еңбектеріне сүйеніп, жүйелік-топтау кестесін жасаңыз.

1. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А., Мектеп,1986.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991.

3. Ибатов А. Сөздердің морфологиялық құрамы. А., 1988.

4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

 

6-тапсырма. Сөз  тудырушы қосымша мен сөз түрлендіруші қосымшаға  қойылатын критерийлерді мына еңбектерді пайдалана отырып, анықтаңыз:

1. Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі. А., 1966.

2. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. А., 1991.

3. Қалыбаева А., Оралбаева Н.  Қазіргі қазақ тілі морфемалар жүйесі. А., 1986.

4. Исаев С. Қазіргі қазақ тілідегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

5. Ибатов А. Сөздердің морфологиялық құрамы. А.,1988.

 

7-тапсырма. Етіс, күшейтпелі етістік, зат есімнің рең мәнді жұрнақтарының сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақ деп танылуы туралы ғылыми көзқарастарды мына әдебиеттерді оқып, салыстырыңыз.

1. Қазақ грамматикасы. Астана., 2002.

2. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. А.,1966.

3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің  грамматикалық сипаты. А., 1992

4. Жаңабекова А. Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері. Ф.Ғ.К…дисс.авторефераты. А.,2004

 

8-тапсырма. Екі функциялық қосымшалар жөнінде мына еңбектерді оқып, конспект жасаңыз.

1. Шаяхметов Қ.  Қазақ тіліндегі екі функциялы  қосымшалар. Ф.Ғ.К..диссертациясы., 1974.  

2. Жаңабекова А. Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері. Ф.Ғ.К…дисс.авторефераты. А.,2004

 

9-тапсырма. Етіс категориясы жөнінде мына ғалымдардың пікірін салыстырып, топтаңыз.

1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. А.,1992.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А.,1966.

3. Хасенова А. Етістіктің лексика-граматикалық сипаты. А.,1971.

4. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тіліндегі етістік категориялары. А.,1984.

5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістік категориялары. А.,1986.

6. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

10-тапсырма. Сөздіктен туынды деп танылатын етіс жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді теріп алып, (25-30 сөз) мағынасын ажыратыңыз.

Қазақша-орысша сөздік. А, 2003.

Қазақ тілі. Түсіндірме  сөздік., А., 2002.

11-тапсырма. Жіктеу есімдігі мен олардың түрленуіне мысалдарды М.Өтемісұлы еңбектерінен теріңіз. (25 сөйлем)

12–тапсырма.  Қазақ тіліндегі  көмекші етістіктерді теріп жазып, сөйлемдегі атқаратын қызметін анықтаңыз. (Қ.Мырзалиев шығармалары бойынша).

13-тапсырма. Морфология іліміне қатысты терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігін құрастырыңыз

14-тапсырма. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы пәнінің жүйелік құрылымдық-логикалық сұлбасын сызыңыз.

15-тапсырма. Қазақ орта мектебінің 6-7 класына арналған “Қазақ тілі” оқулығындағы морфологиялық ұғымдар мазмұнын анықтаңыздар.  Үш грамматикалық тақырып үлгісін жасаңыздар.

16-тапсырма. 6-7 сыныпқа арналған “Қазақ тілі” оқулығындағы морфологиялық ұғымдарды игертуге арналған жаттығуларды репродуктивті және шығармашылық топтарға жіктеңіздер. Жаттығу үлгілерінің жобасын жасаңыздар.

17-тапсырма. Мектеп оқулықтарындағы (5-8 сынып) қосымша туралы теориялық-практикалық материалдардың мазмұнын анықтаңыз.

18-тапсырма. Шақ категориясының грамматикалар мен мектеп оқулықтарында берілуі.

19-тапсырма. Бейнефильиді көріп, сабақтағы кемшіліктерді аныªтаңыз.

00-тапсырма.Бейнефильмді  көріп, сабақ жоспарын жасаңыз. Сұхаат құрыңыз.

 Пайдаланатын әдебиеттің әліпбилік тізімі

 

 


П.И.Пидкасистый СӨЖ-ді реконструктивті, вариаҚивті және шығармашы-лық деп бөледі [228U. Инге Унт оқу ақпараты бойынша өздік жұмыб; оқу материалымен жұмыс істеуге бағытталған өздік жұм{с; оқушылардан  шығармашылық әрекетті қажет ететін өздік жұмыс [230]. Оқытгда СӨЖ-ді репродуктивті-реконҒтруктивті, шығармашы-лық топтарға бөліп  қарастырдыә. Репродуктивті-реконструктавті БӨЖ негізінен оқу ақпара-тымен жұмыq істеумен сипаталады, яғни морфоло-гиялық ұғымдарды  танып,білу, есте сақтагға, жаңғыртуға бағытталады. Олар: зертханалық жаттығу жұмыстары, лингвистикалық тәжірибе (эксперимент), оқу мате-риалдарын конспектілеу, піиір жазу, жүйелеу т.б. Шығармашылық СӨЖ  проблемаларды өз бетінше шешуге, өздігінен материалдар жинап, зерттеo білуге бағытталады (ғылыми-зерттеу жұмыстаръ, ғллыми жоба, курс, дипломдық жұмыстар). Мұны 17-суреттен көруге болады.   

 

         Жоғары мектептегі оқу үдерісіндегі студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы (одан әрі СҒЗЖ) болашақ маманның кәсіби білім деңгейін  көтереді, ғылыми біліммен қаруландырады, шығармашылықәрекетке баулиды, білім сапасын арттырады. СҒЗЖ-ның  дидактикалық негізі, ұйымдастыру жолдары Ч.И.Архангельский, В.П.Елютина, В.И.Крутова, Г.А.Николаева, А.Ш.Байтукаева т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып,   СҒЗЖ-ны  жоғары білім беру жүйесінде маман даярлаудың құрамдас бөлігі ретінде көздейтін басты  мақсаты: студентке ғылыми курсты терең меңгерту, шығармашылық-кәсіби қабілетін дамыту; курс, дипломдық жұмыс жобаларын орындау сапасын көтеру; ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; ғылыми білімін кеңейту; талқылауға қатысып, сөйлеу тілін дамыту; теория мен практика арасын байланыстыру; болашақ кәсібіне сүйіспеншілігін арттыру; өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; ақпараттық білімін кеңейту. Студенттің білім алуда белсенділік көрсетуі оқытушының оқу үдерісін ұйымдастырудың компоненттерін бір-бірімен үйлестіре отырып, шебер ұйымдастыра білуінде.

         Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы – оның болашақ мамандығына байланысты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп (зерттеу элементтері бар) ғылыми тұжырым жасауы, яғни жоғары оқу орнында оқу барысында ғылыми  негіздерден алған білімі бойынша тақырып төңірегінде зерттеу жұмысын жүргізуі. Студенттің зерттеушілік  қабілеті болуымен қатар,  оның сол тақырыпты меңгеруге ынта-ықыласы болуы тиіс. Зерттеушілік жұмысты дидактикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру студентті шығармашылыққа, ізденуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Бүгінгі заман өзгеріп,  қоғам жаңарған тұста  студент болашақ жоғары білікті  маман ретінде білімін өмірмен байланыстырып, практикада қолдана білуі керек. Ғылыми ізденіс – күрделі психикалық әрекет,  сондықтан алдымен оның  уәждемесін анықтап,  мақсат-міндеттері белгіленеді. СҒЗЖ-ны  сапалы ұйымдастыруда маман даярлайтын жетекші кафедралардың ролі зор. Зерттеу жұмыстарының  тақырыптары, мақсат-міндеттері, мазмұны, орындалу барысы, есеп беру формасы т.б. қырлары кафедра мәжілісінде қарастырылып, талқыланып, бекітіледі. Бүгінгі таңда көрсетіліп жүрген студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері:  реферат, баяндама жазу,  жаңа ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау, пікір жазу, лингвистикалық, педагогикалық мерзімді басылымдардан кәсіби қызметке сәйкес қызықты материалдар жинау, топтық жобалар жасап, қорғау, есеп жазу, кесте толтыру, көрнекіліктер жасау,  жүйелік сызбалар даярлау, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, қазақ тілінен топаралық, курсаралық, факультетаралық, институтаралық  олимпиада, ғылыми конференция, семинар, лингвистикалық кештер, ғылыми жұмыстар конкурсы, көрме ұйымдастыру т.б.  СҒЗЖ-ның негізгі формаларының бірі – ғылыми реферат, баяндама даярлау. Реферат, баяндама жұмыстарының көкейкестілігі, маңыздылығы кафедрада талқыланып, бекітіледі. Реферат латынның “reffere” – хабарлау, баяндау мағынасын білдіреді – ақпаратты жеткізудің құралы ретінде,  мәтінді қысқаша мазмұндайтын проза жанрының бірі. Реферат мәтінінің тілі дәлдігі, анықтығы, бірізділігі – секілді ғылыми стильмен ерекшеленеді. Оның реферат-түйіндеме (қысқа жазылады), реферат-конспект (толық жазылады) түрлері бар. Реферат тақырыптарын студентке әр тараудан  жекелей немесе тілдің бір тарауының өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ, тілдік құбылыстардың практикалық-функционалдық мәнін меңгеруде кәсібилік сипаты басым зерттеу тақырыптарына құруға болады. Ақпараттық-хабарламалық сипаты басым (репродуктивті-реконструктивті) тақырыптардан “Қазақ тілі морфологиясының  даму тарихы (1920-1940 ж.ж.)”, “А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі  морфология мәселелері”, “Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі етістіктер  туралы ой-толғамдары”, “Н.Сауранбаев және қазақ тілі морфология мәселелері”, “С.Исаевтың қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар туралы ой-пікірлері”,. “Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру теориясының дамуы”, “Нөлдік морфема мен нөлдік форманың зерттелуі” т.б. Тілдік фактілерді салыстыру, дәлелдеу сипаты басым тақырыптардан “М.Мақатаев шығармаларындағы етістіктердің аналитикалық форманттарының мағыналық-функционалдық ерекшеліктері”, “Сөздің аналитикалық формалары мен оған ұқсас тілдік құбылыстар: ұқсастықтары мен ерекшеліктері”, “Қазақ тіліндігі грамматикалық омонимдер: мағынасы мен қызметі”, “Қазақ тіліндегі көмекші морфеманың жіктелуі”, “Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі”, “Қазақ тіліндегі екі функциялы  қосымшалар”, “Грамматикалық мағына, оның түрлері” т.б. Кәсіби біліктерін қалыптастыру мақсатын көздейтін тақырыптардан шығармашылық мәндегі “Басқа ұлт мектептерінің бастауыш сыныптары үшін қазақ тілінен лексикалық-тақырыптық минимум-сөздік”. Бұл тақырып бойынша алдымен сөз таптарының лингвостатистикасын анықтау үшін ғылыми әдебиеттерге шолу жасап, граматикалық материалдарды іріктеудің ұстанымдарын  анықтау тапсырылады. Анықталған ғылыми ұстанымдар бойынша жиілігі жоғары сөздердің оқушының жас ерекшелігіне сәйкестілігі,  тіл дамытудағы маңыздылығы ескеріле отырып, іріктеліп, сөз таптарына ажыратылады. Содан кейін әр сөз табы бойынша терілген сөздерді әліпбилік ретке келтіріп, тақырыптық сөздік жасалады. Сондай-ақ студенттердің зерттеу жұмысын педагогикалық практика барысында үздіксіз жүргізуге болады. Мысалы,  “Оқушылардың морфологиялық білімді меңгеруде сөйлеу мен жазба тілінде кездесетін кемшіліктер, оны болдырмаудың жолдары”, “Қазақ тіліндегі қосымшаларының жіктелуін динамикалық көрнекіліктер арқылы меңгерту”,  “Қазақ тіліндегі шақ категориясы және оны меңгертуде техникалық оқу құралдарын қолдану әдістемесі”,  “Орта мектептің 5-7 сынып оқулықтарында  берілген морфологиялық ұғымдардың лексика-грамматикалық сипаты”,  “6 сынып оқулығында морфологиялық ұғымдарды  меңгертуде арналған  жаттығулар жүйесі” т.б. Реферат көлемі мен қарастыратын мәселесі тұрғысынан курстық,  дипломдық жұмыстан шағын және аз уақыт ішінде орындалады.  Студент зерттеу тақырыбын ала отырып, өзін толғандырған мәселелер бойынша оқытушыдан ақыл-кеңестер алады. Рефераттың нәтижесін тексерудің негізгі  формасы – топтық талқылау. Мұндай тексерудің ерекшелігі – студенттер, біріншіден, зерттеу жұмысы, зерттеу әдістері, тәсілдері бойынша бір-бірімен тәжірибе алмасады, өзіндік көзқарасын білдіріп, өз бетінше шешім қабылдау дағдысы қалыптасады. Реферат тақырыбы бойынша материалдарды  іріктеп, таңдай білу, конспектілеп, талдай білу, ой қорытындыларын жасау студент үшін бастапқы кезде қиынырақ болғанымен, оқытушы басшылығымен жұмыс жүйелі және  дұрыс ұйымдастырылған жағдайда студенттің ҒЗЖ жүргізу дағдысы бірте-бірте қалыптаса бастайды. Студент ғылыми біліммен қоса, рефераттың құрылымы туралы да білу керек.  Реферат құрылымы: тақырыбын анықтау,  мақсаты, мазмұны, зерттеу әдісі,  негізгі нәтижелері, көзқарасы, қорытуы, болжамы, қолданылуы (кесте, сызба т.б.).

       Дәрісханадан тыс жұмыстардың негізгі түрлерінің бірі – студенттерді ғылыми жұмысқа баулу, тарту, ғылыми жұмыс жасауға, баяндама жасауға үйрету. Студенттерді ғылыми жұмысқа баулу жоғарғы оқу орнында қашаннан жүргізіліп келе жатқан, дәстүрлі жұмыстың түрі деуге болады. Студентті ғылыми-зерттеу жұмысына баулуда ғылыми үйірмелердің маңызы зор. Ол маман даярлайтын жетекші кафедралардың  оқытушыларының басшылығымен жүргізіледі. Ғылыми үйірменің мақсаты – студенттерді ұжым болып бірігіп, ғылыми зерттеу элементтері бар жұмысты атқаруға үйрету,  ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу тәсілдері, жолдары туралы бір-бірімен тәжірибе алмастыру, ізденімпаздықтарын арттыру, кәсіби қызметке баулу. Дұрыс ұйымдастырылған тіл үйірмесінде тақырыптар тізімі болады, студентер одан тақырып тыңдайды. Біз де өз тәжірибемізде тақырып тізімін қолдандық. Әр тақырыптың өз кеңесшісі бар. Өйткені тақырып тізімі тілдің әр саласының оқытушылардың ұсынысынан жасалады. Студент тақырыпты таңдаған соң, кеңесшімен кездесіп, ақылдасып, бағыт-бағдар алады. Кеңесші оқытушы тілдік дерек жинауды үйретеді, библиография жасатады, әдебиетпен жұмысты, тілдік деректі талдауды, топтастыруды, жүйелеуді, жоспар жасауды үйретеді. Баяндаманы жоспар бойынша жазу жолын көрсетеді. Зерттеу жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдері, оңтайлы жолдары жөнінде студенттер хабардар болуы тиіс. Мұнда жұмысты орындаудың мақсат-міндеттері, орындалу барысына қойылатын талаптар, ақыл-кеңестер, ұсыныстар, есеп беру кестесі айтылады. Сондай-ақ әдебиеттерді қалай табу, картотекаларды  қалай толтыру, әдебиетті конспектілеу туралы мәліметтер беріледі. Жас зерттеуші яғни зерттеу тақырыбы, мақсаты, өзектілігі,  маңызы, болжамы, зерттеу әдістері, құрылымы туралы мәліметтерді білуі тиіс.     Баяндама жасау жұмысының бірізділігін төмендегідей көрсетуге болады (18-сурет).


Баяндама тақырыбына қажет тілдік деректерді көркем шығармадан жинау  студентте осы жұмысты орындауға дағдысын қалыптастырады. Студент баяндамасын үйірме мүшелерінің алдында жасайды. Бұл арқылы студент көп алдында сөйлеуге, сұрақтарға жауап беруге, көпшілік алдында өзін ұстауға, сыни көзқарасын білдіруге үйренеді, сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Бұл– болашақ тіл маманы  үшін өте қажет дағды. Ғылыми үйірме жұмыстары бірнеше

бағытта жүргізіледі. Біріншіден, жеке тақырыптар негізінде, екіншіден, кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты жүргізіледі. Морфология пәні бойынша проблемалық топ құрып  “Мектеп бағдарламалары мен оқулықтардағы грамматиканың морфология саласынан білім мазмұнын  анықтау, оны жетілдіру жолдары”  (бастауыштан басқа сыныптарда) деген тақырыпта топтық жоба жасау тапсырылады. Ол үшін әр жылдары шыққан оқулықтарды іріктеп, жинақ кестесін жасап, ондағы материалдарды әр сыныптарға бөліп, толтырады. Содан соң морфологиядан берілген оқу материалдарына мазмұндық-статистикалық талдау жасалады, оқу материалдарының  тілді оқытудың дидактикалық, психологиялық ұстанымдарға қаншалықты дәрежеде  сәйкес құрылғандығын анықтайды. Мұндай бағыттағы зерттеу жұмысының мақсаты – студенттің алған білімін практикамен ұштастыру, болашақ мамандығына байланысты мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі буыны оқулықпен жұмыс істеуге, оның кемшін тұстарын байқап, талдай білуге дағдыландырады. Ғылыми үйірменің жас зерттеушілерінің белсенділігін арттыру мақсатында  болашақ маман үшін танымдық маңызы зор болып табылатын   қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерімен кездесулер, ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастыру, ұлттық ғылыми кітапхананың  мұрағаттық қорымен танысу,  қазақ тілін оқытуда озық тәжірибелерімен танылып жүрген, оқулықтардың авторы, авторлық бағдарламалардың жетекшілері, жаңашыл педагогтердің (Н.Оразақынова, А.Матжанова, т.б.)  әдістемелік жүйесімен танысып,  сабақтарына қатысуға,  үлгілі сабақтарды жинақтауға  мүмкіндік жасау.

        Дәрісханадан  тыс ғылыми жұмыстың келесі түрі – курстық жұмыс.  Курстық жұмыс – ғылыми пәндерден семестр немесе жыл бойына жүргізілетін оқу жоспарында белгіленген студенттің өз бетінше орындайтын ғылыми жұмыстарының бірі. Курстық жұмыстың  тақырыптары кафедра  мәжілісінде талқыланып,  жетекші мамандар бекітуі тиіс. Мұнда курстық жұмыс тақырыптарына  қойылатын талаптардың бірі – тақырыптың ғылыми курс бойынша өзекті мәселелерге құрылуы. Курс жұмысымен айналысу  студенттің тілдік құбылыстар туралы білімін  тереңдетіп, өздігінше  ғылыми зерттеу элементтері  бар жұмыстарды орындай білуге,  оны зерттеп-зерделеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын,  тәсілдерін меңгеруге  дағдыландырады. Морфология пәнінен курстық жұмыстың тақырыптары студент үшін танымдық-кәсібилік,  білімдік, тәрбиелік маңызы зор, проблемалық  мәселелерге құрылу керек. “Сын есімнің шырай категориясы”, “Қазақ тіліндегі грамматикалық  мағыналар түрлері және оның берілу жолдары”, “Көптік ұғымның берілу тәсілдері”, “Қазақ тіліндегі грамматикалық омономиялар”, “Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің лексика-грамматикалық сипаты”, “Сөздердің жіктелу жүйесі”, Етістіктің ерекше түрлері есімше мен қимыл есімінің заттануы”, “Қазақ тіліндегі грамматикалық категорияның сипаты, оның түрлері”, “Морфологиялық талдау жасаудың ғылыми негіздері” т.б.  Үйірмеде  баяндама жасау студент таңдауымен жасалатын ерікті жұмыс болса, курстық жұмыс – студенттің міндетті жұмысы, ол оқу жоспарында белгіленген.  Үйірмеге қатысып, баяндама жасап жүрген студент оқытушының, кафедраның келісімімен тақырыбын күрделендіріп, оны кустық жұмысқа ұластыруына да болады, бірақ ол баяндамасының қайталауы болмайды, сондықтан оқытушы тарапынан назарда болады. Мұндай курстық жұмыстардың сапасы жоғары болатыны тәжірибе дәлелденді.

       Оқу жылының басында оқытушы студенттерге тақырыпты таңдауға мүмкіндік береді. Әрі қарай студент курстық жұмыс бойынша әдебиеттпен, тілдік деректермен оқытушының кеңесіне сүйеніп жұмыс жасайды. Курстық жұмыстың әр мәселесі жөнінде оқытушы үнемі тиянақты кеңес беріп, дұрыс бағыттап отыруға міндетті, өйткені курстық жұмыс – студенттің ғылымдағы алғашқы адымы. Кафедра тарапынан да  студенттің курстық жұмысы үнемі назарда болуы керек. Курстық жұмыс жетекшілерінің кафедра мәжілісінде оның барысы туралы мәліметтері  үнемі тыңдалып отыруы керек. Курстық жұмысқа жауапкершілікті арттыратын тағы бір жағдай – курстық жұмыстың көпшілік алдында қорғалуы. Қорғау міндетті саналады және курстық жұмысты қорғауда мына мәселелер ескерілді:  қорғау комиссия мүшелері кафедрада тағайындалды; жетекшінің пікірінен басқа бір пікір талап етілді; қорғау кезінде сұрақ-жауап, пікір айтылуы міндетті болды; кустық жұмысты талқылауда берілген бағалар, жетекші мен сарапшының пікірлеріндегі бағалар мен комиссия мүшелерінің бағасы қорытылып қойылды.    Осы талаптар біздің тәжірибемізде толық орындалып отырды, сондықтан тәжірибеде 7-8 студенттің курстық жұмыс тақырыбы кеңейтіліп морфологиядан диплом жұмысына негіз болып отырады.     Курстық жұмысты орындау тәртібінің бірізділігін төмендегі сызбадан көруге болады. 19-сурет

       Біздің тәжірибемізде курстық жұмыстар жазуда  мыналар ескерілді: а) тақырып студентті қызықтыратын мәселелермен байланысты белгіленді; ә) курстық жұмыс жалғастыру, сабақтастық ұстанымы негізінде тағайындалды; б) тақырып студенттерге қиындлқ келтaріп жҮрген ¬әселелерге арналды. Тәжірибеде студенттдрді жаңа ғылыми, проблеиалық мәселейер қызықтыаатынын аңғартты. Бұл м¨селб курстық жұмыс тақырыбым белгілеуде ескеріліп отырды. Мәселен, нөлдік м®рфема мәселесінен лекция оқылғанда, семинар, зертханалық сабақт рда осыған назар асдарып, көпrеген сұрақтар қойылып, оның түрлерін білуге тырысры. Осымен байланысты мына тақырыптар ұсынылды: “Атау септіктің нөлдік морфемасы, оны ұқсас rілдік құбылыстардан ажырату”. “Бұйрық райдың ІІ жағының  нөлдік морфемасы, о­ың түбір етістіктен айырмасы”. “Табыс септіктің нөлдік морфемасының қолданылу ерекшелігі”. “Етістіктің болымдщлңқ мағщнасының нөлдік морфемасы, оның атқаратын қызметі, ªолданыСы”. “Т˜уелдік категориясының нөлдік морфемасының қолданылуы”.

 

         Морфологияға қатысты тақырыптардан үйірмеде баяндама жасап  жүрген студенттерге соны жалғастыратын тақырыптар берілді, бұл курстық жұмыстың сапасын көтерді.  Мәселен, үйірмеде бағяндама жасаған студентке курстық жұмысты “Жинақтау мәнді өсімдік атаулары, олардың түрлері” деген тақырып берілді. Студент бұл тақырыптағы курстық жұмысын өте сапалы, нәтижелі орындады. Келесі студент үйірмеде “Көмекші есімдердің зерттелуі” деген тақырыпта баяндама жасаған еді, курстық жұмыс өшін студентке “Көмекші есімдердің септік кавегориясында атªаратын қызмбті” деген тақырып беӘілді. Смнда©-ақ студент үйірмеде “м морфемасының омонимдів қасиеті, оларды ажырату жолдары” деген тақырыпта  баяндама жасаған. Курстық жҰмысты ол студентке ”Омоним жақтық көрсеткіштер, оларды ажырату әдістері”  деген тақырып берілді. Нәтижелері өТе жоғары бn«ды.

        Студентті; ғылыми жұмысты жалғастыруына мүмкіндік жасау жұмыс сапасын ғана арттырып қоймайды, сҚудентті ғылыми жұмысқа тӘрбаелейді, әылыми ойлауын қалыптастырады.

Оқыту үдеаісaнде кейбір морфологиялық ұ©ымдарды игеру студенттердем өте көп жаттығуды керек етеді, өйткені олардың грамматикалық ерекшеліктерін ажыратsда көп қателелеседі. Олар, көбіне, омоним қосымшалар мен ұқсас катЕгориялар. Бондықтан оқытушы курстық жұмысты кемшілік тұстары байқалған тақырыпқа беру $е нәтиже береді. Мысалы, студенттің демеулік  шы«аулар емлесінее кемшіліві ¡ары байқалды, ол оны үнемі Сөзбен бірге жазатыны байқалды; Бтудeнтªе “Демеsлік шылаулардың мағынасщ мен емлесі, оны басқа морфемаладан ажыpата білу” деген т`қырыпта курстық дұмыс бер)лді. Студент осы жұмысты жРындау барыс{нда жақҒы нәва¦еге жетті, кемшіkік жойылды. Келесі студейтке ауыспалы осы шақ пен ауыспалң келер шақrы ажырату қиындық туғызды. Бұл студентке  “Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келеӘ шақтың мағыналары, ®лардың ерекшеліктері” деген тақырыпта ксӘстық жұмыс берілді. Студент әр шақтың мағы­асын өте ұқыпты талдап, олардың айырмасы мен ерекшелігін сипаттап әықты.  Мұндай жұмыстар rәжіpибеде өзінің құндылығын дәлелдейді.

       Студенттің ғылыми зерттеу жұмысының ең күрделі түрі, дипломдық жұмыс. Студенттердің  ғылыми көзқарасын  әакыптастырудың мақсаты – білім, білік, дағдыларым дүниенің сан қырлы  құбылыстарын түсінуге  пайдалануы, іс жүзінде жүзеге ас{ра алуы болса, студент бойлндағы аталған  ізгілік қасиеттеРді қалыптастыруда дипломдық жұмысты орындаудың орны ерекше. Студенттің ғылыми көзқарасы пәндерді оқып-игеріп ой қорытуларынан қалыптасады. Дипломдық жұмыс – студенттің таңда™ан мамандығы бойынша, арнайы пәндерден жүргізілетін зерттеу жұмысы, бірнеше жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі, сондықтан тақырыптың өзектілігі мен  оның орындалу сапасына жоғары талаптар қойылады. Диплом жұмысы қазір міндетті жұмыс саналады, бұл оның білім беру жүйесіндегі тұлға қалыптастырудағы зор   маңызына байланысты. Қазіргі заманда мәселені қоя білу мен  оны шеше білу ерекше орын алып отыр. Бұл абстаркты ойлай білуді, тез ой қорытып, жедел шешім қабылдауды, оны тәжірибемен ұштастыра білуді  керек ететін уақыт. Диплом  жұмысын жазу абстракты ойлай білуге, мәселені салыстыра білуге, ой қорытуға, дұрыс шешім қабылдауға, оларды тәжірибемен байланыстыруға бейімдейді. Мұндай біліктерді игермейінше, диплом жұмысын жазу мұмкін емес, сондықтан жоғары білімді мамандарда аталған білім, біліктер болуы керек. Диплом жұмысын жазуды студенттер бірден бастамайды, оған оларға арнайы дайындықпен, яғни реферат жазу үйірмеде баяндама жасау, курстық жұмыс орындау нәтижесінде жетеді.  Бұл жұмыстарды орындауда студент ғылыми  жұмыс жасау тәжірибесін, әдістерін меңгерді. Үйірмеде баяндама жасау, курстық жұмысты сапалы орындау студентке тек тәжірибе ғана беріп қоймайды, ол ғылыми жұмыстың сабақтыстығына, жалғасуына үлкен мүмкіндік жасайды.

        Біздің тәжірибемізде студенттің үйірмедегі баяндамасын курстық жұмыста жалғастыру, курстық жұмысын диплом жұмысын жазуға жалғастыру үлкен орын алды. Бұл тәжірибе бірнеше жыл сыннан өтті, әр жыл сайын сыналып, қорғалды. Жоғарыда біз студенттің үйірмедегі “Жинақтық мағыналы жеміс атаулары” тақырыбындағы баяндамасы курстық жұмыста “Жинақтау мәнді өсімдік атаулары” болып осы тақырып, күрделендіріп, “Жинақтау мәнді зат атауларының мағыналық топтары” деген тақырыпта диплом жұмысы етіп берілді. Студент үйірмеде “Көмекші есімдердің зерттелуі” тақырыбына баяндама жасап, кейін “Көмекші есімдердің септік категориясында атқаратын қызметі” деген тақырыпта курстық жұмысы жазғаны айтылды. Студенттің  осы жұмысы кейін “Көмекшілі аналитикалық септік” деп ұлғайтылып, диплом жұмысына тақырып берілді. Студенттің баяндамада жиған материалы, курстық жұмысы үшін жиған деректері диплом жұмысын жазуға дайындық қызметін атқарды. Олар жаңа деректермен толықтырылып, диплом жұмысын күрделі ғылыми, тілдік дерек негізінде жазуға мүмкіндік туды. Бұл диплом жұмысының сапасын көтерді. Студент ғылымдағы жаңа қиын мәселені дұрыс шешіп, жақсы нәтижеге жетті.

      Диплом  жұмысын орындаудағы сабақтастық,  жалғастық ұстанымы тәжірибеде үлкен, жақсы нәтиже береді, сондықтан оны өте ұтымды әдіс ретінде ұсынамыз. Бұл әдіс оқытушыдан жүйелі жұмысты, ұқыптылықты талап етеді. Диплом жұмыстарының тақырыптары кафедра жиналысында талқыланып, бекітіледі. Тақырып таңдау студенттің еркінде. Тақырып студенттерге оқу жылының басында беріледі, жетекшілері бекітіледі. Диплом жұмысының сапасы жетекшіге де, студентке де байланысты. Студенттің диплом жұмысын орындаудағы әрекеттерін  төмендегі сызбадан ( келесі бетте) көруге болады.  Жетекші студенттің диплом жұмысының әр кезеңін мұқият тексеріп, дұрыс бағыт сілтеп отыруға міндетті. Диплом жұмысының құрылымын 20-суреттен көруге болады.

         Курс, дипломдық жұмысын орындау кезеңдері.

1.                        Курс, дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау.

Тақырыптың мазмұны, аталуы жағынан өзіндік ерекшеліктері болады. Кейбір тақырыптарда ақпараттық мәлімет беру, яғни  тарихи сипаттау басым болса, кейбір тақырыптар әдебиеттерден мысалдар,  тілдік фактілер беріп, өздігінен қорытып, салыстыруы, талдауы басым болады, сондықтан  тақырып таңдауда студенттің жеке дара ерекшелігі, икемділігі, өмірлік тәжірибесі есепке алынуы тиіс. 2.Тақырып бойынша әдебиеттермен  танысу, тілдік деректер жинау, (картотекаларды толтыру, жүйелеу)


        Студент өзінің таңдаған тақырыбы бойынша  алдымен оның зерттелу дәрежесін қарастырады. Мұнда ол тақырып бойынша бұрын-соңды  айтылған, қарастырылған,  зерттелген мәселелерді салыстырып, қайшылықты жақтарын танып, оның басты себептерін аша білуі керек, яғни өзіндік көзқарасын білдіруі керек. Бұл әдебиеттер энциклопедия, анықтағыш, сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, монография,  мақалалар, диссертациялар т.б. болуы мүмкін. Аталған әдебиеттерден өзінің   тақырыбы үшін қажетті мәліметтерді іріктеп алу – жұмысты орындаудың ең маңызды кезеңдерінің бірі. Студент әдебиеттерді оқып,  ой-тұжырымдарды салыстыра отырып, сыни көзқараспен қарауға тиіс, сонда ғана жұмыс нәтижелі болады. Әдебиеттегі негізгі мәліметтерді ой елегінен өткізіп, ондағы автор  пікірінің негізгі  идеясына түсінуі тиіс. Тілдік фактілерді талдау тақырыпқа сәйкес мәліметтерге түсінік беру, жалпы сипаттамасын жасау болып табылады.  Ал мысалдар кеспе қағаздарына көшіріледі. Бұл тілдік фактілерді салыстырып, оларды топтастыруда, жіктеуде, ерекшеліктерін,  ұқсастықтарын  көрсетуде, жүйелеуде маңызды роль атқарады. 3. Жоспар құру. 4. Материалды талдау. 5. Тезисін құру, (бөлім, тармақ тақырыпшаларға топтау). Материалды мазмұндау. 6. Редакциялау. 7. Техникалық безендірілу. 8. Қорғауға даярлық. 

Курстық, диплом жұмысы алдымен жасалған жоспар бойынша жазылады. Бұл жұмыстың логикалық  жүйемен орындалуына жағдай жасайды. Құрылымы мына міндетті бөліктерден тұрады:  І.  Кіріспе.  ІІ. Негізгі бөлім.  ІІІ.Қорытынды. ІҮ. Пайдаланылатын әдебиет тізімі.  Ү. Қосымша. Диплом жұмысының көлемі 50-80 бет.

         Кіріспеде зерттеу  жұмысының мақсат-міндеті, мәні, маңызы  өзектілігі қарастырылады. Негізгі бөлім 2-3 тақырыптардан тұрады, негізгі мәселелер рет-ретімен сарапқа салынады. Жұмыстың соңында қорытынды жасау талап етіледі. Содан кейін пайдаланылған әдебиет тізімі беріледі. Ал қосымша болуы да, болмауы да мүмкін, ол міндетті мәселеге жатпайды. Курстық, диплом жұмыстарының бұл құрылымда жазылуы, оған жаттығу студентке келешекке қажет деп саналады.    Курстық жұмыс пен диплом жұмыстарының  тіліне қойылатын талаптар – оның әдеби тіл  нормасына сай келуі, ғылыми стиль ерекшеліктерінің ескерілуі, сауатты жазылуы, емлелік,  тыныс белгілері жағынан қателер болмауы қадағалану керек.

       Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жеке тұлғаға бағытталған болғандықтан, ол үнемі ізденіс жолында болады. Өз бетінше білімін жетілдіріп, іздену жолында компьтерлік оқу бағдарламаларының  (оқу сайттары), интернет желісінің  маңызы орасан зор. Ақпараттандыру жөніндегі  мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы болашақ маманның кәсіби білім-білігі даярлығының  сапасын көтеруде мүмкіндігі мол.

Студент зерттеу  тақырыбы бойынша  білім беру сайттарымен қоса, әр түрлі электронды энциклопедия, сөздіктер, анықтағыштарды, электронды кітапханаларды қолдана алады. Компьютерде орындалатын СӨЖ үлгілері келесі бөлімде айтылады.

        Сонымен, жоғары оқу орындарында маман даярлығына қойылатын басты талаптардың бірі – студенттердің ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізе алу  дағдыларының болуы. СҒЗЖ  студенттің қоғамдағы жаңа өзгерістерді  дұрыс түсініп, өзі ой түйінін жасай білуге үйретеді, ғылыми жаңалықтарды дер кезінде меңгеруге көмектеседі, яғни бұл болашақ маманның кәсіби жолындағы үздіксіз  өсуі болып табылады.

 

Показывать 2 элементов
SubjectLinkDescription
Сортировать 
 
Сортировать 
 
Сортировать 
 
SubjectLinkDescription
College/ACT/SAT www.sozdik.kz он-лайн аудармашы 
College/ACT/SAT www.til.gov.kz Қазақ тілі оқыту бағдарламасына арналған сайт 
Показывать 2 элементов